Кіру

Бұл қалай жұмыс істейді

Сюрприз-бокс — мекеме күн ішінде сатып үлгермеген жақсы тағамдар жиынтығы. Сіз оны жеңілдікпен сатып аласыз, ал тағам қоқысқа кетпейді.

Боксты табыңыз

Витринаны ашып, жақын жердегі мекемені таңдаңыз: бүгін сюрприз-боксы бар наубайхана, кафе немесе дүкен.

Брондаңыз

Боксты бірнеше кликпен броньдап қойыңыз — ол беру уақыты аяқталғанша сізді күтеді.

Барып алыңыз

Беру уақытында мекемеге келіңіз, Sarkyt броны бар екенін айтып, сюрпризіңізді алыңыз.

Бокстың нақты құрамы алдын ала белгісіз — бұл сюрприз. Есесіне санаты, бағасы және ішіндегінің әдеттегі құны белгілі: бокстағы тағам төлеген ақшаңыздан шамамен үш есе көп тұрады.

Байқап көруге дайынсыз ба?

Бүгін қандай бокстарды алуға болатынын қараңыз.

Кафеңіз, наубайханаңыз немесе дүкеніңіз бар ма? Қалай қосылуға болатынын біліңіз →